Bugin

Мектеп түлегі «Алтын белгі» медалін сатылымға шығарды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Интернеттегі жарнама платформаларының бірінде мектеп түлегі «Алтын белгі» медалін 2 000 000 теңгеге сатқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Хабарландыру сайтта Қостанай қаласының белгісімен жарияланды.

- 2 миллионға медаль сатамын, жағдайы жақсы. Білесіз бе, бұл медаль эксклюзивті, олардың саны онша көп емес! Егер сіз алатын болсаңыз, 1,5 миллионға беремін - деп жауап берді жарнама авторы телефонмен сөйлескенде.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ол ағымдағы жылдың түлегі. Медаль иесі өзін таныстырудан бас тартты. Ол сондай-ақ есте қаларлық затты сатудың себебін айтқан жоқ.